ШҚО-да автобустан түскен мектеп оқушысын көлік басып кетті

0
777

Бала автобусты артынан айналып, жолдан өтіп кетпекші болған.


ШҚО-да автобустан түскен мектеп оқушысын көлік басып кетті

ERNUR.KZ. Алтай қаласында мектеп оқушысын көлік басып кетті. 11 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды, деп жазады Sputnik Қазақстан

Қайғылы оқиға 19 ақпанда түскі сағат 12:45-те болған. Аялдамадан түскен мектеп оқушысы автобусты артынан айналып, жолдан өтіп кетпекші болған. Сол кезде оны жеңіл көлік қағып кетті.
"AUDI-100" маркалы көліктің жүргізушісі Рабочая көшесімен Рудный көшесіне қарай келе жатқанда жолдан өтіп бара жатқан 11 жастағы баланы басып кеткен. Мектеп оқушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деді полицейлер.
Ал көлік жүргізушісі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.