Тұрғындар ұсақ мал қамалған қораның түбі қазылғанын байқаған.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде бір қора қой қырылды дешен елдімекенге Орман және аңшылық шаруашылығы жедел отрядының қызметкерлері аттанды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Өткен демалыс күндері Самар ауданы Көкжота ауылындағы жеке шаруа қожалықтарының бірінен 15 бас қой өлі табылды. Белгісіз жыртқыштың азуынан тағы бірнеше жануар жараланған.
Тұрғындар ұсақ мал қамалған қораның түбі қазылғанын байқаған. Ауыл тұрғындары қораға жабайы жануар жасырын кіріп кеткен деп болжады.
Мән-жайды анықтау үшін ауылға Шығыс Қазақстан облысының жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері келді.
«Шынымен де, жануарлардың қырылу дерегі расталды. Бірнеше қойды қырып, тағы бірнешеуін жаралап кеткен. Қораға қасқыр шабуылдады деген болжам бар. Бұған аудан ішінде қасқыр іздері жиі байқалғандықтан айтылып отыр. Қазір олардың орналасқан жерін анықтап жатырмыз», - деді жедел топ өкілдері.