ШҚО-да бес адам мінген көлік мұз астына түсіп кетті

0
699

Жолаушылардың бірі қаза болды.


ШҚО-да бес адам мінген көлік мұз астына түсіп кетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасында жеңіл көлік суға батып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кеше сағат 19.44-те Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасының Қызыл ту өткелі маңында жолаушылар көлігі суға батып кеткен. Көлікте 5 адам болған.

Салдарынан 1950 жылы туған әйел суға батып кеткен.

Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы барды.

Айта кетейік, аталған жағдай болған аумақта мұз айдынына шығуға тыйым салынатыны туралы белгі қойылған.

"Кез келген су айдынындағы мұздың қалыңдығы біркелкі емес. Жағалауға, қамыс пен өсімдік жамылғысының айналасына қар жиналады. Автокөліктердің қауіпсіз өтуі үшін мұз жамылғысының қалыңдығы - кем дегенде 30 см, жүк көлігі үшін автомобильдің салмағына байланысты 70 см-ден кем болмауы керек", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі ресми түрде рұқсат етілген мұз өткелдері ашылғанға дейін көліктердің мұз үстімен шығуына қатаң тыйым салынатынын еске салады.