ШҚО-да екі адам қарумен тойға басып кірген (видео)

0
760

Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойға қаруланған адамдар басып кіріп, оқ атқан.


ШҚО-да екі адам қарумен тойға басып кірген (видео)

ERNUR.KZ. Оқиға 1 қаңтарда болды. Кейін мейрамхана ішінде түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды, деп жазады Stan.kz.

Видеодан екі адамның мейрамханаға кіріп, оқ атқанын көруге болады. Полицияда шабуылды дұшпандық қарым-қатынас негізінде жасалғанын мәлімдеді.

"Күдіктілер анықталып, біреуі уақытша қамау изоляторына қамалды. Үржар ауданы полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергеу жұмыстары басталды. Аталмыш бапта 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастылырған", - деді ШҚО Полиция департаментінде.