ШҚО-да екі апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды

0
606

3 қыркүйек күні жоғалып кеткен қыздың денесі Ертіс өзенінен табылды.


ШҚО-да екі апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен қаласында тұратын 26 жастағы қыз 19 тамыз күні жоғалып кеткен.

Сол күні қыздың анасы полицияға қоңырау шалды.

Белгілі болғандай, ол Мирный кентіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Алайда қызды дереу табу мүмкін болмады.

"3 қыркүйек күні жоғалып кеткен қыздың денесі Ертіс өзенінен табылды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген ақпаратта.