ШҚО-да қар көшкіні жүрді – жолдың бір жағы жабылды

0
849

Қазіргі кезде арнайы техника жолды тазартуға кірісті.


ШҚО-да қар көшкіні жүрді – жолдың бір жағы жабылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүріп, жолдың бір жағын жауып тастады, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 13.00 шамасында республикалық маңыз бар "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" тас жолының 62 шақырымында қар көшкіні өздігінен түсті. Ұзындығы - 4 м, ені-3 м, ал биіктігі 1 метр болды.
"Зардап шеккендер жоқ. Республикалық күре жол ашық. Учаскеде қозғалыс бір жолақ бойымен ұйымдастырылды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде арнайы техника жолды тазартуға кірісті.