ШҚО-да санитарлық бекеттер алынды

0
2 307

18 желтоқсаннан бастап облыс жасыл аймаққа өтті. Сондықтан сала мамандары аталған бекеттердің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.


ШҚО-да санитарлық бекеттер алынды

ERNUR.KZ. Естеріңізде болса, коронавирустың таралуын тоқтату үшін былтыр 1 қарашада Өскемен мен Семейге және өзге де аудандарға жолаушылардың кіріп-шығуын бақылау мақсатында 13 бекет қойылған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейіннен саны 17-ге жеткен еді. Өйткені ол кезде жұқпалы індет көрсеткіші бойынша өлке көш басында тұрған еді. Қазір эпидахуал тұрақталды. 18 желтоқсаннан бастап облыс жасыл аймаққа өтті. Сондықтан сала мамандары аталған бекеттердің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Дегенмен әлі де 4 бекет қызметін жалғастыратын болады. Олар – Шемонайха, Үржар, Бородулиха және Зайсан аудандарына орналасқан санитарлық өткізу бақылау пунктері.


– Ауыл, Уба, Бахты, Майқапшағай өткізу пунктерінде санитарлық карантиндік бақылау өз күшінде қалды. Яғни осы өткізу пунктерінде 4 санитарлық бекет әлі де жұмысын жалғастырады, себебі біздің облысымыз ҚХР және РФ мен шекаралас облыс болғандықтан, көршілес елдерде әлі күнге дейін коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр, соған сәйкес еліміздегі кіріп шығу жолдарын бақылау нәтижесінде осы жолдарды өткізу пунктеріндегі санитарлық бекеттерді қалдыруды жөн көрді, - деді ШҚО санитариялық эпидемиологиялық бақылау депратаменті қоғаммен байланыс жөніндегі бас маманы Бағлан Тауанова.