ШҚО-да терезеден кіріп тамақ ұрлаған адам қолға түсті

0
1 515

Қылмыстық кодекстің 2-бөлім 188-бабы (ұрлық ісі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


 ШҚО-да терезеден кіріп тамақ ұрлаған адам қолға түсті

ERNUR.KZ. Тамақтану үшін үйге түскен шемонаихалық ұсталды, деп жазады altaynews.kz.

"Ол үй иелері жоқта ішке ашық қалған терезе көзінен кірген. 2 келі қарақұмық пен макарон, 3 банкі салат және тоқшәугім ұрлаған. Оған қоса күртке мен шалбар да жымқырған. Үй иесі шығынды 31 мың теңге деп бағалады," деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Көп уақыт өтпей ұрлықтың беті ашылды. 33 жастағы күдікті азамат кінәсін мойындаған.

"Күдікті ұрлығын мойындады. Қылмыстық кодекстің 2-бөлім 188-бабы (ұрлық ісі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды," деді баспасөз хатшысы.