ШҚО-дағы Шемонаиха ауданын су басып жатыр

0
1 389

​Кеше ШҚО-дағы Шемонаиха ауданынының Верх-Уба ауылында апаттық-құтқару қызметі тағы бір топ адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ШҚО-дағы Шемонаиха ауданын су басып жатыр

фото: inform.kz

Кеше ШҚО-дағы Шемонаиха ауданынының Верх-Уба ауылында апаттық-құтқару қызметі тағы бір топ адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Су басқан үйлерден 65 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 13 бала бар. Тұрғындар уақытша туыстарының үйлеріне орналастырылды. Таңертең адамдардың басым бөлігі өз баспаналарына қайта оралды»,-деп жазылған хабарламада. Судың көбеюіне толассыз жаңбыр мен жер қабатының тоң болып қатып қалуы себеп болған. Тау суының құйылуына байланысты Лосиха, Маралиха, Козлушка өзендері арналарынан асып кеткен. Уба өзенінде сеңнің кептеліп қалуы да жағдайды қиындатып жіберді. Мұз кесектерін жүргізу үшін 720 келі жарылғыш заттар қолданылып, алдын ала жару жұмыстары жүргізілді. Судан ең көп зардап шеккен ауылдар қатарында Верх-Уба және Выдриха ауылдары. Мұнда он шақты үйді су басты. Убинка, Первомай, Ново-Ильинка, Рулиха, Октябрь ауылдарында бірнеше аулаға су кіріп кетті. Қазір қарғын суды сорып, құмқап төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.