ШҚО тұрғындары сыртта -60 градустан төмен температураны көрсететін суреттерін желіде бөлісіп жатыр

0
803

Температурасы ең төмен фотосуретті Глубоковский ауданы Малубинка ауылының тұрғыны жіберген.


ШҚО тұрғындары сыртта -60 градустан төмен температураны көрсететін суреттерін желіде бөлісіп жатыр

Термометр -60 градустан төмен температураны көрсететін суретті Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы Парыгино ауылының тұрғындары желіде бөліскен, деп жазады Stan.kz.

Дәл осындай температура Глубоковский ауданы Прогресс ауылында да байқалды.

Температурасы ең төмен фотосуретті Глубоковский ауданы Малубинка ауылының тұрғыны жіберген. Онда термометр минус 63 градусты көрсетіп тұр.

Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. "Қазгидромет" РМК Зырян метеостанциясында минус 47,3 градусты тіркеді. Бұл өткен түні Қазақстанда тіркелген ең төменгі температура.

Айта кетейік, бұған дейін Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты еліміздің 10 өңірінде су тасу қаупі төніп тұрғаны туралы жазған едік.