ШҚО тұрғыны балық аулағаны үшін 3 миллион теңге айыппұл арқалады

0
506

Алдын ала келтірілген шығын 3,1 миллион теңге.


ШҚО тұрғыны балық аулағаны үшін 3 миллион теңге айыппұл арқалады

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан тұрғынына балық аулағаны үшін 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің ресми сайтында жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, 26 сәуірде Бұқтырма балық инспекциясы бөлімі мен Алтай ауданы полициясының қызметкерлері бірлескен рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген заңсыз балық аулау фактісін анықтаған. Тінту кезінде полиэтилен пакетіне салынған салмағы 4,2 келі болатын таймен балығы табылды. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол Бұқтырма өзенінен балық аулаған.

Алдын ала келтірілген шығын 3,1 миллион теңге. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.