2018 жылғы 28 ақпанда Қазақстанда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу аяқталды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ОСК-на сілтеме жасап.
2018 жылғы 28 ақпанда Қазақстанда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу аяқталды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ОСК-на сілтеме жасап.
Республика бойынша барлығы 214 кандидат тіркелген. Ақмола облысы бойынша – 9 кандидат, Ақтөбе – 12, Алматы - 18, Атырау - 18, Шығыс Қазақстан – 6, Жамбыл – 10, Батыс Қазақстан - 12, Қарағанды – 29, Қостанай – 41, Қызылорда – 12, Манғыстау – 3, Павлодар – 16, Солтүстік Қазақстан – 9, Оңтүстік Қазақстан облысы – 13, Алматы қаласы бойынша 6 кандидат тіркелді.
Сайлау кампаниясы сайлау заңнамасы нормаларының шарттарына сәйкес өтуде. Сайлау комиссияларына шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.
Айта кетсек, шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына депутаттарды сайлау 68 сайлау округында ағымдағы жылдың 25 наурызында өтеді. 10 облыстық депутат, 17 қалалық және 41 аудандық мәслихат депутаты сайланады.