​Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні облыстық жолды толығымен басып қалды

0
541

Зардап шеккендер жоқ, ештеңе қирамаған.


​Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні облыстық жолды толығымен басып қалды

Сурет: Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында, облыстық маңызы бар "Өскемен-Тарғын ауылы-Самар" автожолының 132-шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты өздігінен түскен, деп жазады Zakon.kz.


"Қазселденқорғау" мәліметінше, 11 ақпанда сағат 11:30 шамасында жалпы көлемі 1300 текше метр қар көшкіні өздігінен түскен.

Зардап шеккендер жоқ, ештеңе қирамаған.


"Облшығысжол" ЖШС-нан 2 адам және 2 техникамен жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған орында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Посттар қойылды.