Шығыс Қазақстан облысында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтуде

0
613

Чемпионат 30 шілдеге дейін жалғасады.


Шығыс Қазақстан облысында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтуде

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс базаларының бірінде классикалық шахматтан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде, деп жазады inbusiness.kz.

Турнирдің ашылу салтанатында Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есенов қатысушыларға шахматқа деген адалдық пен құштарлығы үшін алғысын білдіріп, жарқын партиялардың ойналуына тілегін білдірді. Сонымен қатар, шахматшыларға құттықтау сөзін Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жандос Сайханов айтты.

Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 84 шахматшы қатысуда. Атап айтқанда, ардагер спортшылар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Ұлытау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан келді. Жарыстар 50+, 65+ санаттары бойынша әйелдер мен ерлер арасында өтіп жатыр.

Чемпионатқа Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Айтқазы Баймурзин, Төлеген Нукин, ФИДЕ мастерлері Михаил Кашкаров, Григорий Скурыгин, Халықаралық Arena шебері Сабыр Сыздықов, Arena ФИДЕ шебері және ҚКФ вице-президенті Бикет Жароков және қазақстандық ардагер шахматшылардың 90 пайызы қатысып, жарыстың деңгейін өсіруде.

Шара Шығыс Қазақстан облысының Алтай аймағындағы Бұқтырма су қоймасының көркем жағалауында өтуде. Қатысушылар жарыстың қызықты өтіп, аймақтың керемет табиғатын тамашалауға уақыттары бар екенін атап өтті. Чемпионат 30 шілдеге дейін жалғасады. Жарыста бірінші орын алған ерлер мен әйелдер әлем чемпионатына қатысуға жолдама алса, 2-ші орын алған шахматшылар Қазақстан атынан Азия чемпионатына барады.