Шығыс Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген 20 адам анықталды

0
1 485

Олардың үшеуі сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды.


Шығыс Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген 20 адам анықталды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтықпен жүрген 20 адам анықталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, жыл басынан бері өңір бойынша қос азаматтықпен жүрген 20 адам анықталған. Оның ішінде шетел азаматтығын алғаннан кейін қазақстандық құжаттарды уақтылы тапсырмағаны үшін 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың үшеуі сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды.

«Мәселен, мамыр айында Көші-қон қызметінің мамандары өткен жылдың шілде айында басқа елдің азаматтығын алған Риддер қаласының тұрғынын анықтады. Алайда ол бұл туралы ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаған және Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын мемлекеттік органдарға тапсырмаған. Риддер қаласының әкімшілік сотының шешімімен шетелдік әйел елден шығарылды», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, Көші-қон қызметі ҚР Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін ескертеді. Заңды сақтамаған азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 496-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл 100-ден 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуына және оның Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылуына әкеліп соқтырады.