Шығыс Қазақстанда жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті

0
763

"Коршунова-Черемшанка" аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда бір үйір жылқы жүргенін байқап, шұғыл тежегішті басқан.


Шығыс Қазақстанда жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 5 желтоқсан таңғы сағат 07:17-де болған.

"Коршунова-Черемшанка" аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда бір үйір жылқы жүргенін байқап, шұғыл тежегішті басқан. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Салдарынан пойыз 8 жылқыны қағып кетті.
Оқиға орнына Риддер стансасындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері аттанды. Тиісті шаралар нәтижесінде мал иесі – ШҚО Глубокое ауданының 33 жастағы тұрғыны анықталды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері теміржол тесемінде малдың болуына байланысты пойыздардың шұғыл тоқтауының 1463 фактісі тіркелген. Оның ішінде теміржол бойында мал жайғаны үшін 1169 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.