Шығыс Қазақстанның экс-әкімі бауырластар зиратын жекешелендіріп алған

0
729

​Өскеменнің орталығындағы бауырластар зираты жеке меншіктің қолында болған.


Шығыс Қазақстанның экс-әкімі бауырластар зиратын жекешелендіріп алған

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанның экс-әкімінің жекеменшігінде болған бауырластар зиратын қазіргі билік мемлекетке қайтарумен айналысып жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы Өскеменнің әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Азаматтық соғыс кезінде марқұмдардың денесі жаппай жерленген зират ШҚО экс-әкімі Виктор Храпуновтың қылмыстық ісіндегі үлестесі "AutoExclusiveKZ" компаниясының меншігінде болған.
"Әкімдік қалалық прокуратурамен бірлесіп, қалада компанияға тиесілі учаскелерді алу жөнінде шаралар қабылдады. Билік пен бизнес өкілдерінің жерді иемдену туралы ашық келісімі бар. Бұл учаскеде Ертіс пен амфитеатр орналасқан. Аудандағы Славский мен Пермитин көшелері арасындағы көпірдің астынан жол салу жоспарланды", - деді Жақсылық Омар.
Әкім бауырлас зират та, оған орнатылған Кеңес өкіметі үшін күрескерлерге арналған ескерткіш те сақталатынын ерекше атап өтті.
Айта кетейік, Шығыстағы ескі ипподром аймағындағы екі жер учаскесі де Храпуновтыкі болды. Жерді жеке меншікке беру кезінде бас жоспарға қарамастан экс-әкім біраз жер телімін меншіктеп алған.
Виктор Храпунов Алматыдағы ең жақсы аудандарда да жер иемденіп, басы дауға қалған болатын. Ол 2007 жылы Швейцарияға қоныс аударды. Храпуновтың отбасы әлемдегі ең байтұрғындардың тізіміне ілінді. 2018 жылы 8 қазанда Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов Қазақстан сотымен сырттай 17 жылға, ал оның жұбайы Лейла Храпунова 14 жылға сотталды. Қазіргі күні оның жеке меншікке алған жерлері мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр.
"Бас жоспар бойынша көп қабатты құрылыс ауданы қарастырылған. Қазір бұл жерде кезекте тұрған халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін жалға берілетін көппәтерлі үйлердің құрылысын жобалауды бастаймыз", - деп атап өтті қала әкімі.