Шымбұлақ тау курорты 12 сәуірге дейін жұмысын тоқтатты

0
3 234

Бұл туралы курорттың әкімшілігі Instagram-дағы парақшасында жазды.


Шымбұлақ тау курорты 12 сәуірге дейін жұмысын тоқтатты

Шымбұлақ тау курорты 12 сәуірге дейін жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Құрметті Шымбұлақ тау курортының қонақтары! Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 наурыздағы қаулысына сәйкес, Шымбұлақ ТК өз қызметін 29 наурыздан 12 сәуірге дейін тоқтатады. Бірақ біз көңілімізді түсірмейміз, сізді 12 сәуірден кейін тау баурайнда көреміз деп үміттенеміз», - деп жазды курорттың әкімшілігі Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Алматыда карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды.