Шымбұлақта таудан түсе алмай қалған 6 адам құтқарылды

0
662

Тау басында ауа райы күрт нашарлаған.


Шымбұлақта таудан түсе алмай қалған 6 адам құтқарылды

ERNUR.KZ. 18 сәуірде Шымбұлақтың басына шығып, қайта түсе алмай қалған алты адам құтқарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Туристер 3450 метр биіктікке көтеріліп, ауа райының нашарлауы салдарынан кері қайта алмаған. Құрамында 7 адамы бар құтқарушылар тобы Шымбұлақ шатқалына жедел автокөлікпен жеткен соң, әрі қарай тау басына жаяу көтерілді.

«Туристер шыңның жоғарғы жағынан табылды. Белгілі болғандай, туристер маршруттың соңғы нүктесіне жеткенде, ауа-райы лезде нашарлай бастаған, аймақ тұманға толып, найзағай түсе бастайды, жолдар көрінбейді. Топты ертіп жүрген гидтің айтуынша, келесі найзағай адамдарға жақын жерге түскендіктен, таулардың бірінде ауа-райынан жасырыну туралы шешім қабылданған. Біраз уақыттан кейін ауа райы жақсара бастап, зардап шеккендер жартастар жыраларынан шығып, шыңға оралып, сол жерден РЖҚЖ құтқарушыларына геоақпарат жіберген», - делінген аталған хабарламада.

Туристердің ешбірі медициналық көмекке мұқтаж болмаған, десе де барлығы қорқып қалыпты. Құтқарушылар оларды Шымбұлақ ауданындағы тұраққа дейін ертіп апарды.