Шымкент қаласынан 8 кандидат Сенат депутаттығына тіркелді

0
1 525

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті


Шымкент қаласынан 8 кандидат Сенат депутаттығына тіркелді

ERNUR.KZ. Бүгін Б. Имашевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп жазады Baq.kz.

ОСК мүшелері Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындыларын қарады.

«Ортсайлауком бекіткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сай кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 11 тамыздан бастап 4 қыркүйек аралығындағы кезеңде болды. Кандидаттарды тіркеу 14 қыркүйекте аяқталды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясының деректері бойынша барлығы 9 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 2 адамды Шымкент қаласының мәслихаты ұсынды, 7 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 8 кандидат тіркелді. Тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті а.ж. 15 қыркүйекте басталып, 4 қазан күнгі 00-00 сағатқа дейін өткізіледі.

Жалпы сайлау науқаны Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес өтуде.

Отырыс барысында ОСК мүшелері сондай-ақ а.ж. 5 қазанда ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды электрондық сүйемелдеу үшін Ортсайлаукомның интернет-ресурсы функционалын пайдалану туралы мәселені қарады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сай 2018 жылғы 5 қазанда Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болатынын естеріңізге саламыз. Сайлау Парламент Сенаты депутаттарының екі мандаты бойынша бір мезгілде өткізілетін болады. Шымкент қаласынан сайланатын Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзімі 2014 және 2017 жылдары республиканың басқа өңірлерінен сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзіміне сәйкес келетін болады.