Сібір жарасына байланысты Ақжар ауданы төрт аймаққа бөлінді

0
414

Әкімдіктің қаулысы қоғамдық талқылауға шығарылды.


Сібір жарасына байланысты Ақжар ауданы төрт аймаққа бөлінді

ERNUR.KZ. Ақжар ауданында ірі қара мал арасында аса қауіпті сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының хатына сәйкес, әкімдіктің қаулысы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қаулыға сәйкес, СҚО Ақжар ауданының аумағы мынадай аймақтарға бөлінсін:

  • эпизоотия ошағы мен «Ак-Ниет-Агро и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі шалғайдағы бір жайылымды қамтитын эпизоотия ошағының шекарасынан 6 (алты) километр радиустағы қолайсыз аймақ;
  • қолайсыз аймақ шекарасынан 3 (үш) километр радиустағы буфер аймағы;
  • Ақжар ауданы Новосельск ауылдық округі Горьков ауылы мен «Ак-Ниет-Агро и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі шалғайдағы бір жайылымды қамтитын буфер аймағының шекарасынан 3 (үш) километр радиустағы бақылау аймағы;
  • Ақжар ауданы Восход ауылдық округі Восход ауылын, Ұялы ауылдық округі Ұялы ауылын, Май ауылдық округі Май ауылын қамтитын бақылау аймағының шекарасынан тысқары қолайлы аймақ.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстанда сібір жарасының ошағы тіркелгенін, қара малдан күйдіргі ауруын жұқтырған Ақжар ауданына қарасты Горьковское ауылының тұрғыны ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған еді.