СІМ Испания мен Италиядағы елге қайта алмай жүрген қазақстандықтарға хабарлама жариялады

0
889

Италиядағы төтенше жағдайға байланысты Италия мен әлемнің басқа елдері арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылды.


СІМ Испания мен Италиядағы елге қайта алмай жүрген қазақстандықтарға хабарлама жариялады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Италия және Испаниядағы елге қайта алмай жатқан қазақстандық азаматтарға хабарлама жариялады деп жазады Stan.kz.

"Италиядағы Елшілігі қазіргі уақытта коронавирус эпидемиясының салдарынан Италиядағы төтенше жағдайға байланысты Италия мен әлемнің басқа елдері арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта ресейлік «Аэрофлот» әуекомпаниясы Мәскеу қаласында қайта отырғызу арқылы Римнен Қазақстанға жолаушылар рейстерін жүзеге асырып жатқандығын назарларыңызға саламыз.

Сонымен бірге, үстіміздегі жылғы 11 наурыздан бастап «Аэрофлот» әуекомпаниясы Италияның қалаларына ұшу бағдарламасын өзгертіп жатқандығын хабарлаймыз. Ақпараттың жаңаруын компанияның ресми сайтынан тексеріп тұруларыңызды сұраймыз.

Испанияда коронавирустың таралуына, жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан Республикасының Мадридтегі Елшілігінің Консулдық бөлімі және Барселонадағы консулдығы Испанияда орналасқан Қазақстан азаматтарымен үнемі байланыста.

Испанияда ауру жұқтырғандардың саны 5700 адамнан асты. Вирустың таралуының басты бағыты 3 мыңнан астам адам тіркелген Мадридтің автономды қоғамдастығы екенін ескеру қажет.

Түрік және Ресей авиакомпаниялары рейстерін тоқтатуына байланысты Қазақстан азаматтарына басқа қала немесе жақын елдер арқылы балама ықтимал маршруттар іздеу ұсынылады (егер мүмкін болса, жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан Мадридтен тыс рейстермен қайту дұрыс болады).

Испаниядан кетіп жатқан Қазақстан азаматтарынан Елшіліктің консулдық бөліміне (visado@kazesp.org, +34917216290) проблемалық жағдай мен Қазақстанға кету туралы хабарлауды сұраймыз
",-делінген хабарламада.