СІМ Қазақстанда TikTok өкілдігін ашуды ұсынды

0
469

2018 жылы іске қосылған TikTok халықаралық нұсқасы - ай сайынғы әлемдік аудиториясы миллиард пайдаланушыдан асатын жетекші ғаламдық Интернет-платформалардың бірі.


СІМ Қазақстанда TikTok өкілдігін ашуды ұсынды

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі TikTok компаниясына Қазақстанда өкілдігін ашуды ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және Kazakh Invest ҰК АҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты.

"2018 жылы іске қосылған TikTok халықаралық нұсқасы - ай сайынғы әлемдік аудиториясы миллиард пайдаланушыдан асатын жетекші ғаламдық Интернет-платформалардың бірі. TikTok компаниясы делегациясының елімізге келу себебі - білім беру, мәдениет, туризм саласындағы жобалар және Қазақстан аумағында платформаны дамытудың басқа да мәселелерін талқылау", - делінген хабарламада. TikTok өкілдерінің ақпараты бойынша, бүгінде Қазақстанда тіркелген 7 миллионнан аса пайдаланушы платформаны ай сайын пайдаланады. Компания әлемнің көптеген елінде, оның ішінде Қазақстанда білім беру және мәдениетті дамытуға жәрдемдесу саласында ауқымды жобаларды іске асырады.

Олег Соколов TikTok компаниясының ҚР аумағында ұлттық театрлар мен мұражайларды ілгерілетуді қоса алғанда, платформаның мәдени-танымдық контентін күшейту жөніндегі ниетін атап өтті.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Қазақстанда компания өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және компанияның елдегі бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Сапар аясында, Kazakh Invest ҰК АҚ және "Зерде" холдингі АҚ ұйымдастыруымен TikTok компаниясының өкілдері ҚР МСМ, ҚР АҚДМ, ҚР ЦДИАӨМ, ҚР БҒМ және тағы басқа органдардың басшыларымен кездесулер өткізді.