Түркияда қазақстандық отбасы мүшелері қаза тапқан еді.
ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров Аланьяда қаза тапқан отбасы мүшелерінің денесі елге жеткізілгенін айтты, деп жазады baq.kz.
Қазақстанға отбасы мүшелерінің денелері жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Екі көлік жүргізушісіне қатысты тексеріс жүреді. Жергілікті түркиялық компанияларымен келіссөздер жүргізіп, бағасы бойынша келістік. Біздің консул түркиялық құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста, - деді Смадияров.
Ол туристердің шетелде демалуындағы қауіпсіздігіне азаматтардың өздері жауапты екенін атап өтті.
Олардың жанында әрқашан мемлекет қолынан ұстап жүре алмайды, - деді ресми өкіл.
Еске сала кетсек, Түркияда қазақстандық отбасы мүшелері қаза тапқан еді. Жол апатынан анасы мен қызы, кейін ауруханада күйеуі де көз жұмды. Тек 9 жастағы ұлдары ғана тірі қалды.