​Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

0
1 385

18-20 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.


​Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

ERNUR.KZ. Синоптиктер 18-20 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа райы аса өзгермейді.

"Алдағы үш тәулікте ауа райының күрт өзгеруі күтілмейді. Бұрынғыдай көптеген облыста жауын-шашын, әсіресе қар, көктайғақ, тұман және ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температурадан 3…5 градуасқа төмен болады. Тек республиканың батыс облыстары көтеріңкі атмосфералық қысым аясында болады. Сондықтан мұнда жауын-шашынсыз және жылы, ауа температурасы күндіз плюс 12…20 градусқа дейін жылынады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.