Сириядан бір топ қазақстандықты елге қайтару операциясының видеосы жарияланды

0
2 486

Сириядан 12 азамат отанына оралды.


Сириядан бір топ қазақстандықты елге қайтару операциясының видеосы жарияланды

Фото: kazgazeta.kz

ERNUR.KZ. 4 ақпанда «Жусан-5» операциясы аясында бір топ қазақстандықтың елге оралғаны жайлы ақпарат тарады, деп жазады Azattyq Rýhy.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып, АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен Сириядан бір топ қазақстандық азаматты елге қайтару операциясын өткізді.

Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 бала болды. Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі.