Әйел мен оның 4 баласы елге жеткізілген.
ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомство брифингінде Сириядан жеткізілген әйелдер туралы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Жусан» бағдарламасы аясында Қазақстанға Сириядан 5 қазақстандық жеткізілді. Бұл бірнеше күн бұрын болған оқиға. «Жусан» бағдарламасы аясында елге Сириядан азаматтар әлі де қайтарылып жатыр. Қазір олармен психолог жұмыс істеп жатыр», - деді Айбек Смадияров.
Осыған дейін Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі Сириядан 104 адам қайтарылғанын хабарлады. Оның ішінде қазақстандық азаматтар да болған.