СҚО-да 2 жасар қыз терезеден құлап кетті

0
510

​Бүлдіршіннің жоғары сыныпта оқитын апасының қарауында болғаны және терезеден құлағаны анықталды.


СҚО-да 2 жасар қыз терезеден құлап кетті

26 тамызда СҚО облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде 2-қабаттың терезесінен құлаған 2 жастағы қыз бала жеткізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүлдіршіннің жоғары сыныпта оқитын апасының қарауында болғаны және терезеден құлағаны анықталды. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, қыз баланың жағдайы қалыпты.