СҚО-да элеватор жұмысшысы қамбада қайтыс болды

0
2 610

Ол 140 тонна бидайы бар қамбаның ортасына құлап, батып кеткен.


СҚО-да элеватор жұмысшысы қамбада қайтыс болды

фото:aqmolanews.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы элеваторда қайғылы оқиға тіркелді. Жұмысшы қамбадағы бидайға батып, бақилық болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Оқыс жағдай Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы Новоишим ауылында болған. Бір топ жұмысшы астық сақтайтын қойманы жоспарлы түрде тазалауды қолға алған. 140 тонна бидайы бар қамбаның ортасына құлап, батып кеткен. Кәсіпорын өкілдері дереу полицейлерді шақыртыпты.

Бірақ жұмысшыны бірден құтқару мүмкін болмағанын айтады. Тәртіп сақшылары марқұмның денесін 6 сағаттан кейін тапқан. Қазір құзырлы органдар іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.

"Оның денесі шамамен сағат 23.00де сыртқа шығарылды. Силостың ішінде үстіне бидай түскен, содан қазып тауып алдық. Оқиға орнын жедел тергеу тобы қарап, куәгерлерден жауап алды. Өндірісте қаза болу фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 156 бабы үшінші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді СҚО ПД Ғабит Мүсірепов ауданы полиция бөлімінің басшысы Марат Әлжанов.