СҚО-да пакеттен шақалақтың денесі табылды: Анасының үстінен іс қозғалды

0
1 023

Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды.


СҚО-да пакеттен шақалақтың денесі табылды: Анасының үстінен іс қозғалды
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында пакетке салынған шақалақтың өлі денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.25 ақпан күні Тайынша ауданының полиция бөліміне аудандық ауруханадан Обуховка ауылында жаңа туған сәбидің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында есік алдындағы қора-қопсының артқы жағына жасырылған пакеттен зорлықпен өлтірілген қыз баланың мәйітін тапты. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша тіркелді. Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды. Өлім себептерін анықтау үшін жаңа туған нәрестенің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген ақпаратта.