Мамандар Қызылжар өңірінде бүгінгі таңда сәнге айналған есімдердің үздіктерін де жариялады.
сурет:on-desktop.com
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында жаңа туған сәбилерге көп қойылатын есімдер белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат облыстық Әділет департаментіне сілтеме жасап.
Облыстық Әділет департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылы он ай ішінде 5878 нәресте дүниеге келген. Оның 3 034-і ер бала болса, қалған 2 844-і - қыздар.
Мамандар Қызылжар өңірінде бүгінгі таңда сәнге айналған есімдердің үздіктерін де жариялады. Ер балалар арасында Әмір, Әлихан, Артем, Әли, Дмитрий, ал, қыздар арасында Айлин, Әмина, София, Дарья және Айару есімдері танымал екен.
Сонымен қатар, өңірде биылғы тоғыз айдың ішінде бір жасқа толмаған 63 нәресте шетінеген. Статистикалық мәліметке сүйенсек, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға көп.
Қайтыс болған солтүстікқазақстандықтардың саны - 4950, 2017 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,5 пайызға аз. Тұрғындардың 19,3 пайызы жүрек-қан тамырлары ауруынан, 15 пайызы тыныс ауруларынан және 10,5 пайызы ісіктен көз жұмды. Адамдардың 8,8 пайызы қайғылы жағдайлардан қайтыс болған.