Қыз үйінен бес шақырым жерде болған.
ERNUR.KZ. Кеше, 26 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жоғалған бес жасар қызды тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Петропавловск.news-тің жазуынша, қыздың туыстары алдымен Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының маңын аралап шықты. Бірақ өз бетінше іздеу нәтиже бермегендіктен, олар 102 нөміріне қоңырау шалған.
Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу баланы іздеуге кірісті. Ауылдағы іздеу шаралары да нәтиже бермеді. Содан кейін полицейлер іздеу аймағын кеңейтті. Нәтижесінде жоғалған қызды Подгорное ауылының маңында Жезқазған – Петропавл тас жолында тапты. Қыз үйінен бес шақырым жерде болған. Полицейлер баланы отбасына табыстады.