Смадияров Түркиядағы көлік апатынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы айтты

0
543

Түркияда қазақстандықтар мінген автобус жол апатына түскен болатын.


Смадияров Түркиядағы көлік апатынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы айтты

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жол-көлік апатына ұшыраған қазақстандықтардың жайы туралы айтты, деп жазады baq.kz.

Өкінішке қарай, екі азаматымыз қаза тапты. Қазіргі таңда төрт азамат ауруханада ем алып жатыр. Өткен аптада бұрын қайтыс болған отандастырымыздың денелері Қазақстанға жеткізілді. Айта кететін жайт, барлық шығындар сақтандыру компаниясының есебінен жүріп жатыр. Туристер демалуға барған кезде өздерінің туристік полистерін мұқият қарап, осылай жасаған болатын. Сондықтан ешқандай қиыншылықтар туындаған жоқ. Қалған төрт адамның жанында туыстары бар, бірінің әпкесі, бірінің ағасы келді. Жақын арада тез сауығып кетеді деп ойлаймыз, - деді Смадияров Сыртқы істер министрлігінде БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.

Еске салсақ, Түркияда қазақстандықтар мінген автобус жол апатына түскен болатын. Жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың бірі көз жұмды. Одан кейін тағы бір жерлесіміздің қаза болғаны туралы жазған болатынбыз.