Солтүстік Қазақстанда екі оқушы қыз зорланған

0
358

Павлодар облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева кәмелетке толмағандарды зорлаудың екі оқиғасы туралы хабарлады.


Солтүстік Қазақстанда екі оқушы қыз зорланған

ERNUR.KZ. Павлодар облысында екі жасөспірім қыз зорланған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, ал оларға қиянат жасады деген күдікті қамауға алынды, деп жазады tengrinews.kz.

Павлодар облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева кәмелетке толмағандарды зорлаудың екі оқиғасы туралы хабарлады. Ол зардап шеккен 15 және 17 жастағы оқушы қыздармен кездескен. Балалар омбудсменінің айтуынша, қыздардың ешқайсы өздеріне жасалған зорлық-зомбылықты ешкімге айтуға батылы жетпеген.

"Ол қыздардың жан дүниесінде, жүрегінде не болып жатыр? Олар қандай азапты бастан өткерді, қазір жағдайы қалай және алда қандай болады? Бұл физикалық жағдайы туралы да емес... Қыздардың бірі бірнеше күн бойы тіпті отыра алмағанын мойындады. Кеше көз жасына тұншығып, жан жарасын айтып жылаған қыздың діріл қаққан қолын ұстадым. Мен оған еш кінәсі жоқ екенін қайталап айта бердім", - деді Шәкенева.

Екі жағдай да бір ауылда, бір отбасы төңірегінде болғаны белгілі.

"Қыздарды зорлаған бір адам. 17 жастағы жәбірленушінің үлкен ағасы, "өгей әке" саналады, іс жүзінде 15 жастағы зардап шеккен қыздың анасымен бірге тұрады. Заңды және қанды түрде бұл екі түрлі отбасы, бірақ олар өздерін туыс деп санайды. Зорлады деген күдікті осы үлкен ағасының жақын досы, ол тіпті олардың үйінде түнеуге келіп жүрген", - деді балалар омбудсмені.

Оның айтуынша, ер адам 29-30 жаста.

"Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Қыздар ауырсынуға шағымданған. Сондықтан олар ауруханаға жатқызылды. Оларды мұқият тексеру керек, олармен мектеп педагог-психологы емес, тиісті мамандығы бар клиникалық психолог жұмыс істейді", - деп қосты Шакенева.