Солтүстік Қазақстанда жер үйдегі өрттен 4 адам көз жұмды

0
551

Қайтыс болғандардың екеуі қонаққа келгендер.


Солтүстік Қазақстанда жер үйдегі өрттен 4 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында өрт салдарынан 4 адам қаза болды, деп жазады ҚазАқпарат.

29 сәуір сағат 03:28-де кезекші пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Май ауылында жеке тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.

Ауыл ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 53 шақырым жерде орналасқан. Көршілердің айтуынша өрт кезінде үйде адамдар болған.

ТЖ орнына аудан орталығының № 8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру қарауылы шығып, дереу өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте үй ашық жалынмен жанып жатқан.

Өрт «Майское-Агро» шаруа қожалығының ерікті өртке қарсы құралымы сөндіруге кірісті.

Олар келгенге дейін жергілікті тұрғындар 1963 жылы туған әйелдің денесін тауып сыртқа шығарған.



Өртті жою барысында үш ер адамның жансыз денесі табылды: 1958 жылы туған үй иесі және үй иесінің 1975 және 1967 жылы туған қонақтары.

Сонымен қатар өрт сөндірушілер үйден бір газ баллонын алып шықты.

Өрт 05.00 шамасында ауыздықталып, 05.40 кезінде толық сөндірілді.

Өртті сөндіруге 4 техника мен 14 адам жұмылдырылды.

Өрттің салдарынан үй толығымен өртеніп кетті. Оның себебі мен материалдық залал көлемі анықталып жатыр.

Көршілердің айтуынша, қайтыс болғандар үнемі алкоголь ішумен әуестенген.

Ақжар ауданында ТЖ бөлімі және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жылыту кезеңінің басынан бастап 3500 адамды қамтитын 992 тұрғын үйді аралап, 1 мың данадан астам үгіт материалдарын таратқан. Көрсетілген мекенжайға құтқарушылар өткен жылғы қыркүйекте барған.