​Солтүстікке биыл қанша қандас қоныстанбақ?

0
271

Бір қызығы, елордадан 15 отбасы көшіп келген.


​Солтүстікке биыл қанша қандас қоныстанбақ?

көрнекілік сурет: e-history.kz

Қазақстанның солтүстігіне демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында республиканың басқа аймақтарынан ғана емес, басқа елдерден де тұрғындар келуде. Биыл бір ғана Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына Қытай және Моңғол Халық республикаларынан бес отбасы көшіп келді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов мәлім еткендей, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасы аясында мұнда 175 адамнан тұратын 52 отбасы келді. Бір қызығы, елордадан 15 отбасы көшіп келген.

— Тұрғын үйді сатып алуға экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша қоныс аударуға, тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеуге 40 млн 89 мың теңге көлемінде субсидия төленді. Сонымен қатар, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкерге 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі. Бүгінгі таңда 12 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы баспана сатып алды. Оның бесеуі Тайынша елдімекенінде», – дейді аудан басшысы.

Сондай-ақ биылғы жылы Келлеровка ауылына Моңғол Халық Республикасынан 4 кандас (8 адам) отбасы, Қытай Халық Республикасынан Тайынша қаласына бір қандас (4 адам) отбасы келгенін де атап өтті.


Биыл Қазақстанның солтүстігінде жүзден астам қандастар қабылданады деп жоспарлануда. Оларға мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетуге дайын дейді мамандар. Бұған дейін аймаққа Иран, Қытай және Өзбекстаннан ондаған отбасы көшіп келген болатын. Олар негізінен ауылдық жерлерге қоныстандырылған. Айта кетерлігі, биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Қазақстанның солтүстігіне «қандас» мәртебесімен 138 отбасын қоныстандыру жоспарлануда.

Ал 2022 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында Қазақстанның жұмыс күші жетіспейтін өңірлеріне 7 923 адам өз еркімен қоныстанды, оның ішінде 1 320 қандас және 6 603 көшіп-қонушылар. Барлық қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді.

Жұмыс күші тапшы өңірлерге көшу мүмкіндігін пайдаланған қазақстандықтар өміріндегі оң өзгерістерді атап өтеді. Солардың бірі – Нұрболат Мәдиев. Ол Қызылордадан Қостанай облысына қоныс аударған.

«2019 жылы болашақ жұбайыммен бірге Әулиекөл ауданына көшіп келдім.Қазір аудандық ауруханада массажист болып жұмыс істеймін.Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастым.Бәріне ризамын,барлық қолдау шараларын алдым. Осындай бағдарламалар көп болса екен», - дейді ол.

Нұрболат Мәдиев әйеліне көшкен соң үйленді. Облыстық ауруханаға гинеколог болып жұмысқа орналасты. Жас отбасы енді екінші сәбилерін күтіп отыр.

«2023 жылға арналған кандастар мен жұмыс күші аз өңірлерге қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 8 652 адамды құрайды, оның ішінде 1,9 мыңы кандастар үшін, 6,7 мыңы ішкі көшіп қонушылр үшін қарастырылған. Қазіргі уақытта министрлік 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын қабылдады, оның тетігі қайта қаралды. солтүстік және орталық өңірлерге ішкі қоныстандыру үшін, оны жүзеге асыру үшін жұмыс орындары ашылады және қолданыстағы бизнес жобалары кеңейтіледі», - деді жауапты министр өкілі Ілияс Испанов.