Солтүстікте бұршақ, батыста 45 градус ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

0
606

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында жаңбыр жауады.


Солтүстікте бұршақ, батыста 45 градус ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері 7-9 тамызға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында жаңбыр жауады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде және орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Сондай-ақ, солтүстік өңірлерде желдің күшеюі және жылудың 20-25 жылуға дейін әлсіреуі күтіледі.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы сақталады, республиканың батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.