Сөмкесінен екі бума ақша шықты: Әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

0
936

Әкім аппаратының жетекші қызметкері мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталған.


Сөмкесінен екі бума ақша шықты: Әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазмды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден екі бума ақшаны алып шыққанын көруге болады. 10 000 теңгелік купюраларды үш үстелге жайып тастады.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, ұсталған шенеунік – "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде істейтін жетекшілердің бірі. Ол мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлермен алдын ала сөз байласу арқылы 9,9 миллион теңгенің бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр.



"Лауазымды тұлға 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылғы наурыз айы аралығында мемлекеттік сатып алулар бойынша жалған келісімшарттар жасап, бюджет қаражатын ұрлаған. 6 наурыз күні ол мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталды", – дейді Биғайдаров.
Оның айтуынша, шенеунікті екі айға қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады.