Соңғы онжылдықта Қазақстан халқының саны небәрі 2,4 млн адамға өскен

0
732

Сенаторлар демографиялық даму тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды.


Соңғы онжылдықта Қазақстан халқының саны небәрі 2,4 млн адамға өскен

ERNUR.KZ. Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен соңғы онжылдықта Қазақстан халқының саны 2,4 млн адамға ғана өскенін айтып, демографиялық даму саясатының тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ләззат Сүлейменова бұл мәселе бойынша жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовке депутаттық сауал жолдады.

«Соңғы онжылдықта Қазақстан халқының саны 2 миллион 400 мың адамға немесе 15,1%-ға өсті. Бұл көрсеткіш негізінен халықтың табиғи өсімінің арқасында сақталып отыр. Қазір ел экономикасы 1990 жылы туған аз ұрпақтың жұмыс жасына енуіне байланысты жағымсыз демографиялық өзгерістер кезеңінде екенін айта келіп, трансформация мемлекеттің даму жоспарында ескерілуі қажет деп есептейміз», - деді сенатор Л. Сүлеймен өзінің сауалында.

Ләззат Сүлеймен демографиялық өргерістің алдын алу үшін мемлекет тарапынан адам капитал инвестициялануы керек дегенді айтты.

«Демографиялық өзгерістердің теріс салдарын еңсеруді алдын ала стратегиялық жоспарлау және бұл мақсатқа қол жеткізіп, демографиялық дивиденд алу үшін мемлекет адам капиталына инвестицияны ұлғайтуы тиіс. Сондықтан ішкі көші-қон ағынын реттеу жөніндегі міндет, демографиялық даму, халықтың динамикасын болжау және оның орнықты дамуына, репродуктивті денсаулығына және құқықтарына, гендерлік теңдікті күшейтуге, отбасы мен халықтың әлсіз топтарын қолдауға байланысты мәселелерді бірыңғай мемлекеттік демографиялық саясат етіп жүйелеу қажет. Сонымен қатар еліміздің демографиялық дамуы (демографиялық қауіпсіздік) саясатының 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасын/тұжырымдамасын әзірлеу қажет», - деді сенатор.