Соңынан әйелі секірмек болды: Ақтауда ер адам 7-қабаттан құлады

0
1 129

Учаскелік инспектор келіншекті құтқарып қалған.


Соңынан әйелі секірмек болды: Ақтауда ер адам 7-қабаттан құлады

ERNUR.KZ. Ақтауда ер адам 7-қабаттан құлап кетті. Артынша оның жұбайы секірмекке ұмтылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, учаскелік инспектор Мақсат Ишберген қайғылы оқиғаның алдын алып, келіншекті құтқарып қалған.

Қайғылы оқиға кеше кешкісін 17-шағынаудандағы үйлердің бірінде болған.

Сағат 19:35-те Ақтаудың Жедел басқару орталығының пультіне қоңырау түскен. Жетінші қабаттан белгісіз ер адам құлап кеткені туралы хабарланған.

Бес минут ішінде тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен. Полицейлер ер адамның соңынан жұбайының секіруге оқталып тұрғанын анықтады.


«Пәтердің есігі ашық болды. Бірақ туыстары қызды шошытып алмас үшін үйге кіруге қорыққан. Учаскелік инспектор Мақсат Ишберген туыстарына ішке кірмеуді сұрап, кедергі жасамауды өтінген. Ол еш ойланбастан, тез пәтерге кірген. Өзіне сол салғысы келген келіншекке жүгіріп барып, терезеден секіргелі тұрған жерінен ұстап алған», - делінген хабарламада.