"Сот сарапшысы әйелін жұмыс орнында ұрған": Полиция желідегі видеодан соң тергеу бастады

0
448

Жетісу облыстық полиция департаменті аталған дерекке қатысты тергеу бастаған.


ERNUR.KZ Полиция әлеуметтік желіде ер адамның әйелді ұрып жатқаны түсіп қалған видеодан кейін тергеу бастады, деп жазады Stan.kz.




Egov.press Telegram-арнасында тараған видеодан ер адамның әйелді жұмыс орнында ұрып жатқанын көруге болады. Ал видео сипаттамасында ер адамның "Алматы сот сараптамасы институтының сарапшысына ұқсайтыны" жазылған.

Жетісу облыстық полиция департаменті аталған дерекке қатысты тергеу бастаған.

"Аталған дерек 9 қаңтарда Талдықорғандағы интернет-дүкендердің бірінде болғаны анықталды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген полиция хабарламасында.