Сот Серік Ахметовті мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығарудан бас тартты

0
847

Сотталушының түзелгені туралы мәлімет аздық еткен.


Сот Серік Ахметовті мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығарудан бас тартты

ERNUR.KZ. Сот Серік Ахметовті мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қабылдамады, - деп жазады тengrinews.kz.

"Сот Серік Ахметов Нығметұлыға қатысты бас бостандығынан айыру және мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан айыру туралы шыққан үкімнің орнына мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтіншті қабылдамады", - делінген Қазыбек би аудандық соттың үкімінде.

Бұған дейін бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің қорғаушысы оны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініштен бөлек мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айыру туралы шешімнің күшін жоюды сұрағаны белгілі болған.

Алайда прокурор Әсем Тергеубекова өтінішті қанағаттандыруға қарсы сөз айтты. Ол Қарағандының Қазыбек би аудандық пробациялық бақылау қызметінің ұсынған мәліметтерін тексеріп шыққанын, сотталушының түзелгені туралы мәліметтің аздық ететінін атап өтті. 2017 жылдың қаңтарында Серік Ахметовке рақымшылық жасалып, мерзімі қысқарған.

2018 жылдың мамырында Серік Ахметов Қарағанды сотынан жазасын айыппұлға ауыстыруды сұраған, бірақ кейін өтінішін қайтып алды.