27 қазан күні қаладағы сұлулық салондарының бірінде 28 жастағы қызға бұрынғы жігіті тамағын кесікілеп тастаған болатын.
ERNUR.KZ. Жетісу облыстық соты сүйіктісінің тамағын пышақпен осып жіберген ер адамға қатысты жаңа қаулы шығарды, деп жазады inform.kz.
Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 30 қазандағы С.-ға қатысты қаулысының күші жойылғанын және жаңа қаулы шығарылғанын мәлім етті.
«ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігінде, 99-бабы 2-бөлігінің 9) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша күдікті С.-ға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы Талдықорған қаласы полиция басқармасы тергеушісінің өтініші қанағаттандырылды. Осылайша, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы күзетпен ұстауға ауыстырылды»,- деп хабарлады Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енді.
Еске салайық, 27 қазан күні қаладағы сұлулық салондарының бірінде 28 жастағы қызға бұрынғы жігіті тамағын кесікілеп тастаған болатын.
Кейін дәрігерлер пышақ жарақатымен ауруханаға түскен қыздың жағдайы туралы айтты.