Сот үкімі жойылған Қайрат Боранбаев қазір қайда - Ішкі істер министрлігі жауап берді

0
1 155

Боранбаевтың ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарау күні әлі белгіленбеген.


Сот үкімі жойылған Қайрат Боранбаев қазір қайда - Ішкі істер министрлігі жауап берді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қайда екенін айтты, деп жазады stan.kz.

Еске салайық, Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 29 маусымдағы қаулысымен Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының Қайрат Боранбаевқа және оның ісі бойынша басқа да айыпталушыларға: Роман Наханов пен Тайыр Жанұзаққа қатысты сот үкімі жойылды. Қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың қаулысымен апелляциялық тәртіпте қаралуға тиіс болатын.

Сонымен бірге, сол қаулымен сотталушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Олардың сот отырысын 29 маусым күні бейнебайланыс арқылы өткізу жоспарланған болатын.

"Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді. Оған шағым жасауға және наразылық келтіруге болмайды. Қазіргі уақытта Қ. Боранбаев Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64 мекемесінде (СИЗО) қамауда отыр", - деп хабарлады Қылмыстық кодекстің баспасөз қызметі.

Боранбаевтың ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарау күні әлі белгіленбеген.