Сотталғандардың жаңа киім үлгісі бекітілді

0
473

Киім үлгісі ерлер үшін - сұр түсті, әйелдердікі - жасыл түсті, ал тәртіптік изоляторлардағы және жалғыз адамдық камералардағы сотталғандар үшін – қызғылт сары түсті болады.


Сотталғандардың жаңа киім үлгісі бекітілді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі 2023 жылғы 14 шілдедегі бұйрықпен сотталғандардың киім үлгісін бекітті, деп жазады Inbusiness.kz.

Сотталғандардың жазғы киім үлгісінде шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар қарастырылған:

- сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін – сұр түсті;

- сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін – жасыл түсті;

- тәртіптік изоляторлардағы және жалғыз адамдық камералардағы сотталғандар үшін – қызғылт сары түсті.

Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсысының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар күртеше мен қоңыр түсті шалбар беріледі.

Бас киім – су өткізбейтін матадан тігілген кепка (әйелдер үшін – үшкіл орамал).

Ал түрмеде жазасын өтеп жақанда қысты күні шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар киеді:

сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін – сұр түсті;

сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін – жасыл түсті.

Бас киім – иірілген 2 немесе 3 жіптен тоқылған бөрік.