"Студент құжат реттеп жүрген": Бесікарбадағы сәбиді тербетіп жүрген күзетші көпшілікті тәнті етті (видео)

0
1 704

Бейне 80 мыңнан аса қаралым жинап, TikTok-та танымалдылыққа ие болды. Жазбаның астына әлеуметтік желі қолданушылары жылы пікірлер қалдыруда.


ERNUR.KZ. Алматыдағы университеттердің бірінде бесікарбадағы сәбиді тербетіп жүрген күзетші желі қолданушыларын тәнті етті, деп жазады stan.kz.

"Студент кету қағазын жасатып жүрген кезде, Қазақ Ұлттық университетінің күзетшісі балаға қарап жүр", - делінген видео мәтінінде.

Бейне 80 мыңнан аса қаралым жинап, TikTok-та танымалдылыққа ие болды. Жазбаның астына әлеуметтік желі қолданушылары жылы пікірлер қалдыруда.

"Мен бұл күзетшіні білемін, өте жақсы адам", "Сүйкімді екен", "Үйдегілері тым құрыса бір сағат балаға қарай алмай ма? Қыздарға қандай қиын" деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Оқу ордасының баспасөз қызметінің хабарлайынша, желіні шарлап жүрген видеодағы кейіпкер оқу орнының күзетшісі Бақытбек Сепбосынов. 64 жаста, үш ұл тәрбиелеп өсірген, немерелері бар.

"Шынымды айтсам, осы сәтті біреудің видеоға түсіріп, желіге салғанын білгенде қатты таң қалдым. Мен мұны атақ-даңқ үшін емес, студентке көмектесу үшін жасадым. Балаға бар болғаны 15 минут ғана қарадым. Маған қиын емес. Қыз рақметін айтты. Қазір жастар өте білімді, тәрбиелі", - деді Бақытбек Сепбосынов.