Студенттерді шетінен жатақханадан шығарып жатыр. Әкімдік түсінік берді

0
666

Оның айтуынша, басқа өңірлерден келген бірінші курс студенттерін жоғары курс студенттерінен бөлек қоныстандырған.


Студенттерді шетінен жатақханадан шығарып жатыр. Әкімдік түсінік берді

ERNUR.KZ. Алматыда оқитын бірінші курс студенттері карантиндік шектеулерді сылтауратып, өздерін жатақханадан шығарып жатқанына шағымданды. Әкімдік бұл арада ешқандай шектеулер жоқтығын айтады, деп жазады zakon.kz.

"Студенттерді жатақханада орналасуы бойынша қандай да бір ресми шектеулер жоқ", - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Оның айтуынша, басқа өңірлерден келген бірінші курс студенттерін жоғары курс студенттерінен бөлек қоныстандырған. Бұл абитуриенттер арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары болғандығымен байланысты түсіндірілді.

Бекшиннің айтуынша, осылайша бөлек орналастыру аурудың жаппай таралуын болдырмауға мүмкіндік берді.

"Тағы да қайталап айтамын, біз студенттерді қоныстануына қатысты ешқандай шектеулер қойған жоқпыз", - деді Жандарбек Бекшин.

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров студенттерді жатақханамен қамту мәселесі шетін жайт екенін айтты. Ол студенттерді жатақханадан шығару бойынша нақты фактілерді әкімдікке жолдауды сұрады.