WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз мезгілінде шәкіртақы төлеу тоқтайды деген ақпарат тарады.
ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.
Министрлік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
“ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.