Осы уақытқа дейін 9,7 млн текше метрден астам еріген қар суы сорып шығарылса, 2,4 млн қапшық және 1,2 млн тоннадан астам инертті материал төселген.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп жазады baq.kz.
Осы уақытқа дейін 9,7 млн текше метрден астам еріген қар суы сорып шығарылса, 2,4 млн қапшық және 1,2 млн тоннадан астам инертті материал төселген.
Осы сағатта 13 543 адам өз үйлеріне оралды. 7 014 адам, оның ішінде 3 144 бала эвакуациялау пункттеріне орналасқан. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 113 693 адам, оның ішінде 39 922 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 107 613 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды. 3 570 тұрғын үй мен 2 195 аула аумағынан судың бағыты бұрылды, - деді спикер.
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 708 жеке тұрғын үй, 1609 аула аумағы және 2035 саяжай үйлері су астында қалған.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 34 мың адам, 4 242 техника, оның ішінде, 890 су сору құралы, 335 жүзу құралы, 19 әуе кемесі жұмылдырылды. ТЖМ психологтары су апатынан зардап шеккен тұрғындарға шұғыл психологиялық көмек көрсетуде, - деді Ерасыл Сайпаш.