Су тасқыны басталған кезде олар өз көлігімен жақын маңдағы ауылға бармақ болған, бірақ ол суға батып кеткен.
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары су тасқынынан қорғану үшін мұнараға шығып алған тоғыз адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Адамдар байланыссыз қалған – интернет, телефон жоқ. Су тасқыны басталған кезде олар өз көлігімен жақын маңдағы ауылға бармақ болған, бірақ көлік суға батып кеткен.
Олар қолдағы балаларымен, оның ішінде үш айлық сәбимен мұнараға шыққан. Бұл жерден оларды әскери тікұшақ эвакуациялады.
Құтқарылған әйел басынан өткен қорқынышты оқиғаны баяндап, отбасын сақтап қалған адамдарға алғысын білдірді. Оның айтуынша, олар таңғы 8-де жолға шыққан, ал тікұшақ кешкі сағат 16.00-де алып кеткен.
Отбасы жергілікті мектепке орналастырылды.